2018 жылғы оқушылардың көктемгі демалыс уақытында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары, АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, Көкшетау қ. № 14 ОМ, № 18 ОМЛ педагогтарымен семинар өткізді.
Семинар барысында, АИТВ-ның алдын алу шаралары мен таралу жолдары, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайы, мектептердегі АИТВ-инфекциясының алдын алу әдістері, АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың төзімділік қарым-қатынасы талқыланып, тренингтік жаттығулар жүргізіліп, әлеуметтік және алдын алу бейнероликтері көрсетілді.Сауалнама нәтижесі бойынша, ақпараттылықтың орташа деңгейі 83 % құрады.
Семинар соңында АИТВ-инфекциясы бойынша, ақпараттылық бүктемелер мен үнпарақтар таратылды.