Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, бәсекеге жарамдылық жаһандық индексінің индикаторлары «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі» көрсеткішін жақсарту мақсатында, бизнес-құрылымы басшыларымен кездесу өткізілуде.
Сонымен, ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері- Шортанбай Торебаев бірнеше, «Палата» ЖШС, «ENKI» ЖСШ, «Көкшетау минералды суы» АҚ, «Арман» ЖСШ және « Көкшетау автобус паркі» ЖСШ басшыларымен кездесу өткізді.
Дәрігер, АИТВ және ЖИТС бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейтінін, АИТВ-ны емдеуге байланысты ешқандай шығын шығармайтынын, АИТВ позитивті адамдар өздерінің әріптестеріне мүлдем қауіпті еместігіне, себебі инфекция ауа арқылы, ортақ құралдарды, ыдыстарды қолданғанда жұқпайды екендігін белгіледі.Қазақстанда АИТВ-ға тексерілу және емделу, мемлекеттің қаражат есебінен жүзеге асырылатынын, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жұмыстан шығарып тастауға, яғни кемсітуге болмайтынын айтып берді.