4 қыркүйек 2015 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығында ашық есіктер күні өтіп, барлық ниет білдіргендер АИТВ-инфекцияның, вирустік В және С гепатиттерінің, жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардың бар-жоғына талдау тапсыра алды, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС бойынша ақпарат естіп, орталық мамандарынан тегін, құпия және жасырын ақыл-кеңес алды.
Жұмыс күнінінің басынан бастап орталықтың кіреберісінде ақпараттық-білімдендіру стенді рәсімделді, үстел қойылып, онда буклеттер, бүктемелер, парақшалар таратылды. Келушілер социологиялық сауалнамаға қатысып, психологтан тестілік кеңес алды, сонсын АИТВ-ға қан тапсырды. Көбісі инфекцияның жұғатын жолдары, алдын алу шаралары туралы сұрап, мамандардан жауаптар алды. Барлығына ақпараттық-білімдендіру материалы таратылды: - 118 дана, презервативтер - 432. Бұл күні 24 адам АИТВ-ға қан тапсырды, 9 адам - вирустік гепатиттерге, 3 адам психологтан кеңес алды, 2 - гинекологтан, сонымен барлығы 36 адам қамтылды.