2018 жылдың 27 ақпаны Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен АИТВ/ЖИТС сұрағы бойынша жауапты мамандарға семинар өткізілді. Қатысқандар 17 адам.
ОЖИТСО мамандары өздерінің баяндамаларында медициналық ұйымдардағы АИТВ/ЖИТС сұрағы бойынша ұйымның жұмысы туралы, халықтың эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштегі тексерулерін әңгімеледі, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық бақылау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік ұйымда қарау, анадан балаға таралудыңың алдын алуы жөнінде сұрақтары қозғалды. Сонымен қатар мамандар талдау алдындағы кезеңде зертханалық зерттеулерді өткізу мен АИТВ/ЖИТС бойынша санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу сұрақтарына тоқталды.
Семинар соңында электрондық түрде материалдар таратылды.