Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен, «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі» индикаторларының көрсеткіштерін жақсарту шегінде, кәсіпорын басшыларымен жеке кездесу өтті.
2018 жылдың 20 ақпанында орталықтың эпидемиолог дәрігері - Ш.Төребаев, Ақмола филиалдары «Қазпошта» АҚ, «ДИАС» тігін фабрикасы, Красноярлық шұжығы «ЕӨК» ЖШС-ның басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды таңбалау мен шеттету сұрақтары талқыланып, тұрмыстық жағдайда жұқпаның қауіптілігі жоқ екендігі, вирустың ауа арқылы, қол алысқанда және сүю кезінде, ортақ ыдыстарды, бассейнді, моншаны қолданғанда жұқпауы мүмкін екендігі ерекше белгіленді.Қазақстанда АИТВ-ға тексерілу және емделу мемлекет есебінен жүргізіледі.
Кездесу соңында ДЭФ БЖЖИ сауалнамалары және таралу жолдары бойынша сауалнамалар өткізіліп, бизнес-құрылымы басшыларына ақпараттық кестелер мен ақпараттық хаттар берілді.