2018 жылдың 20-шы ақпанында қызмет көрсету орталығында бәсекеге жарамдылық жаһандық индексі бойынша, АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі туралы көрсеткіші бойынша ерекшелігінде, Көкшетау қаласының «Атамекен» кәсіпкерлеріне бизнес-құрылымы басшыларына кеңес беру өткізілді.
Алдын алу бөлімінің социологы Н.Конуспаевпен БЖЖИ көрсеткіші есебінен болатын негізгі ережелері, соның ішінде «Денсаулық» бөлімі бойынша түсіндірілді. АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі туралы сауалнамалар мен басшылардың жасырын сауалнамалар әдісін түсіндіру ұсынылды.
Кеңес беру кезінде, АИТВ-ның таралу жолдары сұрақтары, тегін емделу мен тегін мүмкіндігінде АИТВ-ға жасырын тексерілу қамсыздандырылғаны қозғалды, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін, адамдарға төзімділік қарым-қатынастарын қалыптастыру маңызды екенін белгіледі. Сұхбат соңында ДЭФ БЖЖИ сауалнамалары және таралу жолдары бойынша сауалнамалар өткізіліп, бизнес-құрылымы басшыларына ақпараттық кестелер мен ақпараттық хаттар берілді.