«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында баспасөз конференциясы

20.02.2018

2018 жылы 19-шы ақпан айында Ақмола облысының «Атамекен» кәсіпкерлері өңірлік палатасының мәжіліс залында журналистерге «АИТВ-инфекциясы мен түбіркүлездің бизнеске әсер етуі» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Сөз сөйлегендер: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері К.Бурмаганов пен облыстық түбіркүлезге қарсы диспансерінің бас дәрігері К.Ташметов.

К.Бурмаганов дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге жарамдылық жаһандық индексі бойынша, бизнес-құрылымы басшыларының алдағы сұрақтары туралы, осы АИТВ-инфекциясының таралуы 1,6% орташа әлем көрсеткіші жанында Қазақстанда 0,2% төмен және мына Бельгия, Германия, Австралия сияқты елдермен қатар бірінші орын алғанын, ал, «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» көрсеткіштері бойынша, бизнес-құрылымы басшыларының сауалнамаларының нәтижесі жөнінде, 2017 жылы Қазақстан 100 орынға ие болғанын әңгімеледі. АИТВ бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейді. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясының ауруы төменгі деңгейде және бизнесті жүргізу мен экономика деңгейіне әсер етпейді.Сіздің бизнесіңіз АИТВ-ны емдеуге байланысты ешқандай шығын шығармайды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, сондай-ақ жұқтырмаған адамдар сияқты барлық нәрсеге құқылы, оларды жұмыстан шығарып тастауға немесе жұмысқа қабылдамауға жол берілмейді.Қазқастанда АИТВ-инфекциясын емдеу тегін және мемлекеттпен кепілденген. АИТВ жұқтырған адамдар, жұмыс бабында өз ұжымдарына жұқтыруы мүмкін емес және ұжым үшін қауіп-қатері жоқ. Өйткені, АИТВ ауа арқылы, қол алысқанда, құшақтасқанда, ортақ дәретхананы қолданғанда және бассейнде, моншада, басқа да қоғамдық орындарда жұқпайды.

Семинар соңында АИТВ-инфекциясы таралу жолдарының білімдеріне әлеуметтік сұрақтар мен сауалнамалар өткізілді.