2018 жылы 14-ші ақпан айында Ақмола облысының Атбасар ауданының әкімдігінде, аудан әкімдігінің орынбасары Корлан Тажденовтың төрағалығымен, «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі» атты шығу семинары өткізілді.
Семинар бизнес - құрылымы басшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, ДЭФ БЖЖИ индикаторларын жақсарту жөнінде, облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының және Ақмола облысының түбіркүлезге қарсы диспансерінің мамандарымен ұйымдастырылған.
ОЖИТСО эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаева, ДЭФ БЖЖИ бойынша зерттеудегі Қазақстан рейтингі жөнінде шолу жасап, нақты АИТВ-инфекциясы бойынша көрсеткішіне және оның бизнеске әсері жоқтығына тоқталып, БЖЖИ бойынша ақпараттық кестесін ұсынды.
Соңында ДЭФ сауалнамасы бойынша және АИТВ-инфекциясы таралу жолдары бойынша әлеуметтік сұрақтар мен сауалнамалар өткізілді. Семинарға 39 орта және кіші бизнес басшылары қатысты.