2018 жылдың жетінші ақпанында Дүниежүзілік экономикалық форумның ( ДЭФ) бәсекеге жарамдылық жаһандық индексінің (БЖЖИ) сауалнамаларын түсіндіру бойынша, Көкшетау қаласында кіші бизнес басшыларымен Ақмола облысының өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кездесу өткізіліп, 16 адам қатысты.
Ақмола ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі З.Хван, ДЭФ БЖЖИ бойынша зерттеуде Қазақстан рейтингі жөнінде шолу жасады, нақты АИТВ-инфекциясы бойынша көрсеткіштеріне тоқталды: 15-49 жастағылар арасында таралулары ( статистикалық деректер бойынша анықталады) және АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі ( бизнес-құрылымы басшыларының сауалнама нәтижелері бойынша).
Соңында ДЭФ саулнамасы жөнінде және АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы әлеуметтік сұрақтары бойынша сауалнамалар өткізілді.