Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен, 2017 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін, Көкшетау қаласы орташа мамандандырылған оқу мекемелерінің І курс студенттер арасында АИТВ-инфекциясы сұрағы бойынша, әлеуметтік зерттеу өткізілді. Сауалнама студенттер үшін, 20 сұрақтан тұратын, 3 нұсқалы жауабымен №3 арнаулы тестпен өткізілді.
Әлеуметтік зерттеуге 454 сұхбаткер қатысты, 16 жастағылар - орта жасты құрады. Бурабай колледжі - 75,5 % қаланың ең ақпаратталған оқу мекемесі болды, екінші орында Красный Яр селосының № 3 агро-техникалық колледжі - 71% ақпаратталған, үшінші орында Автомеханикалық колледжі - 69% ақпаратталған. Келесіде ең төмен деңгейдегі ақпаратталған оқу мекемелері: Ж.Мусин атын.педагогикалық колледжі (44 %), Заңгер колледжі (49 %), № 1 Құрылыс-техникалық колледжі (51 % ). Орташа деңгейдегі ақпаратталған 62% құрады.
АИТВ жұқтыру қарым-қатынасында мифтік сену, яғни тест бергендердің арасындағылардың пікірлерінде моншада немесе бассейнде АИТВ жұқтыру мүмкін, ЖИТС-пен ауыратындарға аяушылық білдіру қауіпті деген және т.б., сұхбаткерлер үшін ерекше күрделі сұрақтар болып табылады. АИТВ-инфекциясының жасырын кезеңін білмеу және мінез-құлық қауіпінің ықпалдарын дұрыс анықтауда, тест берушілерге 40 % шамасында қиындық туғызады.