«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-инфекция сұрақтары бойынша білім беру ұйымдарының тамыз отырысы

21.08.2015

20 тамыз 2015 жылы Ақмола ЖИТС ОО мамандары Ақмола облысы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тамыз секциялық отырысына қатысты. «Білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекцияның алдын алу әдістері» атты баяндамамен ЖИТС ОО-ң педагогы Сулейменова А.С. сөз сөйледі. Өз сөзінде баяндамашы 2015 жылғы 1-ші жартыжылдықта облыс мектептері, колледждері оқушыларының, педагогтарының ақпараттану деңгейін анықтау үшін өткізілген сауалнама қорытындысын, сауалнаманың қандай сұрақтары қиыншылық тудырғанын, білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекция бойынша алдын алу іс-шараларын өткізген кезде не нәрсеге көңіл бөлу керектігін айтып берді. АИТВ/ЖИТС-ң алдын алу бойынша дәрістер, әңгімелер, тренингтер, тақырыптық кештер, акциялар өткізген кезде педагогтарға кездесетін мәселелер, сондай-ақ жас ерекшеліктерін ескере отырып алдын алудың ең тиімді әдістері талқыланды. Отырыс соңында барлық қатысушыларға бүктемелер мен буклеттер таратылды. Барлығы 55 адам қатысты.