«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-инфекцияны электрондық бақылау базасының мүмкіншіліктері

22.06.2015

17-18 маусым 2015 жылы Қарағанды облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы базасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары Станислав Багинский, Сауле Жақанова, Халкен Нугуманова «Мәліметтер сапасын бақылауды және АИТВ-инфекция оқиғаларын электрондық бақылау жүйесінде оларды талдауды жүзеге асыру» атты республикалық өңірлік тренинге қатысты. Тренинг Астана қ., Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Қарағанды облыстары ЖИТС орталықтарының дәрігерлер-эпидемиологтары және клиницистері үшін ICAP жобасының қаржылық және техникалық қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг барысында ЖИТС РО клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Кипшакбаев Р. К., /ICAP «Ықпал ету» жобасының ақпараттық жүйелер жөніндегі өңірлік кеңесшісі Ивакин В. Ю. және ҚР-да стратегиялық ақпарат жөніндегі маман Крюкова В. А. сөз сөйледі. Тренингте ЭС жүйесінің эпидемиологиялық және клиникалық бөлімдерін толтырған кезде жиі кездесетін мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қаралды. Өңірлік жағынан базаны толтырудың толықтығын талдау нәтижелері бойынша мәліметтер мысалдарында негізгі қателерді талдау, электрондық бақылаудың өз мәліметтер базаларын тексеруде практикалық жұмысты орындаумен бірге. Талдау жасаған кезде орталықтардың мамандары пайдаланатын қажетті мәліметтерді алуда, семинарлар үшін таныстырылым материалын және әр түрлі мәжілістерге материалдар дайындағанда бұл жүйенің мүмкіншіліктерімен танысты. Тренингке қатысушылар өңірлердегі ЖИТС қызметінің мамандары үшін осы өткізілген шараның маңыздылығын, сондай-ақ АИТВ-инфекция оқиғаларына эпидемиологиялық және клиникалық бақылауды жасау үшін құрал ретінде электрондық бақылау жүйесінің мәнділігін атап өтті.