2017 жылдың 5-ші шілдесінде ЖИТС ОО АИТВ/ЖИТС сұрағы бойынша, облыстық ЕАБ мамандарына арналған семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар барысында, облыстық аймақтардың АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. АИТВ инфекциясының таралуы жөнінде, Көкшетау және Степногорск қалалары, Атбасар, Жарқайын, Ақкөл аудандары айрықша жағымсыз аймақтар болып табылады.
Жұқтырғандардың жастық топтағы ерекшелігі 30-39 жас; АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен таралу мөлшері жоғары болып қалады; Ауыл тұрғындарының 29,4 % АИТВ жұқтырғандар. Қоғамдық-кәсіптік жағдайы бойынша меншікті салмағы жұмыс істемейтіндер 37,3 %, жұмыс істейтіндер - 54,9 %.
ЖИТС ОО мамандарымен тұрғындар арасында ақпараттық-білім беру жұмысы, әсіресе жастар арасында, осал тұрғындардың АИТВ инфекциясының алдын алу сұрағы бойынша, түсіндіру ақпарты ұсынылды.
Қазіргі уақытта АИТВ жұқтырғандардың вирустық жүктемесін басу мақсатында және індетті жұқтыру қауіп-қатерін төмендетуге сәйкес, АИТВ жұқтырғандарды антиретровирустік терапиямен жандандыру жұмыстары қамтамасыз етілуде. Нәтижесінде, қосалқы аурудың тіркелуінің төмендеуі, өмірлерінің сапасы жақсарып, қорытындылай келгенде, АИТВ жұқтырғандардың өмірінің ұзарғандығы байқалады.