Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Сол үшін орталықтың бас дәрігері Бурмаганов К.Ж басқарған жұмыс тобы құрылды.
3-ші кезеңнен бастап «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, Көкшетау автобус паркінің еңбек ұжымдарымен, №4 ОМ педагогтарымен, Жаркайың ауданының тұрғындарымен кездесулер өтті. 306 адам қамтылды. Одан басқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланды, оның ішінде: МӘМС туралы бейнероликтер әлеуметтік желістерде Вконтакте, Facebook және орталықтың кіреберісінде орналастырылды, ресми интернет-ресурсте жаднамалар мен бүктемелер көрсетілді, ОЖИТСО ғимаратының қабырғасына ақпараттық тақтайша ілінді.
1 қаңтар 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетіні туралы еске саламыз, оған бастапқы медициналық-санитарлық көмек, жоспарлы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру, медбикелік күтім және паллиативтік жәрдем кіреді. Бұдан да нақтырақ ақпаратты Сіз Бірыңғай байланыс орталығынан ала аласыз - 1431, немесе Ақмола облысы бойынша Call-орталығынан- 8 8000 806 481. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының ресми сайтынан - fms.kz.