15 мамыр 2017 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған баспасөз-конференция өтіп, оған облыстық, қалалық БАҚ өкілдері, ІІД және ҚАЖКБ медициналық қызметтің өкілдері қатысты.
Баспасөз-конференцияны ОЖИТСО бас дәрігері К. Бурмаганов ашып, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсатын, БҰҰ Бас Ассамблеясының «АИТВ-мен күресті белсенді жүргізуге жылдам қарқынмен және 2030 жылға ЖИТС індетін аяқтау» АИТВ/ЖИТС бойынша Саясаттық декларация жөнінде айтып берді.
Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Жаканова Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы, ал емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г.Жаксалыкова АИТВ-жұқтырғандарды диспансеризациялау және емдеу бойынша шолу жасады. Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Балтабаева осал топтар: инемен есіртке егіп тұтынушылар және секс қызметкерлері арасында «Зиянды азайту» алдын алу жұмысы туралы айтып берді.
Конференция соңында баспасөз-релиздер таратылды.