«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығында АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша ведомствоаралық мәжіліс

12.04.2017

10 сәуір 2017 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығында АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бас дәрігер Қ. Бурмагановтың төралығымен мәжіліс өткізілді. СӨС орталығынан маман Рыбина М.С. қатысты. Мәжілісте тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша емдеу-алдын алу мекемелерінің медициналық қызметкерлерімен санитарлық-ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу сұрақтары қаралды.

Өз сөзінде ОЖИТСО-ң бас дәрігері Қ. Бурмаганов Ақмола облысында 2016 - 2019 ж.ж. арналған ҚР Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ортақ міндеттер және мақсаттар бар екенін атап өтті. Бекітілген кестеге сәйкес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім мектептерінде, колледждер мен ЖОО-ң қызметкерлері арасында бірлескен жұмыс атқарылуда, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барылуда. АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша айлық өткізу барысында акциялар өткізіледі. Жазғы кезде облыстың балалар сауықтыру орталықтарына бірлесіп барылады.

ОЖИТСО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. орталықта бірлесіп белсенді жұмыс атқарылғанымен, аудандарда АИТВ/ЖИТС және СӨС бойынша жауапты адамдар арасында өзара іс-әрекет байқалмайтынын айтып өтті. СӨС жағынан тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмысының және міндеттің де бәрімізге ортақ екенін түсініспеушілік бар екенін атады.

ОЖИТСО-на және СӨСҚ ОО-на аудандардың барлық ЕПҰ-мен АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша әр түрлі есеп беру тапсырылады. Мәжіліс соңында 2017 жылғы 1-ші ж/жылдық қорытындысы бойынша СӨС және АИТВ/ЖИТС жөніндегі жауаптыларды шақырумен қатар селекторлық мәжіліс өткізу ұсынылды. Жыл ішінде ескерулі даталарды өткізу кезеңінде және облыс жеткіншектері арасында жазғы демалыс кезінде АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша бірлескен іс-щаралар жоспары құрылды.