ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығында 2015 жылдың 8 мамырында оқушы жастарға арналған «АИТВ-инфекциясы біздің өмірімізде» атты семинар-тренинг өткізіліп, оған ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтінің, Жоғары техникалық мектептің, медициналық колледжінің, заң колледжінің, «Бурабай» колледжінің, Біржан-сал атындағы музыкалық колледжінің, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің, сервистік-техникалық колледжінің және құрылыс-техникалық колледжінің 21 студенті қатысты.
Семинар-тренинг «Мен және менің маңайым» атты таныстыру жаттығуынан басталып, АИТВ-жұқтырғанның басқа дені сау адамнан айырмашылығы жоқ екендігі көрсетілді. Студенттер республика және Ақмола облысы бойынша АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайымен танысты, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі білімдерін толықтырды. Семинар-тренингтің басталуына және аяқталуына дейін сауалнама өткізілді, студенттердің білу деңгейі 78,8%-дан 85,8%-ға дейін көтерілді. «Степной огонь» атты жаттығу, «Ответь на письмо» тренингі, «Безопасное поведение» рольдік ойын өткізіліп, соңында ЖИТС-тен қайтыс болғандардың аттары жазылған квилт - полотно дайындалды.