Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесімен және оның филиалдарымен бірге 3 семинар-тренинг ұйымдастырып, 83 адамды қамтылды. Бұл іс-шаралар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында өтіп, оған Жоғары колледж, «Бурабай» колледжінің студенттері және № 8 орта мектеп оқушылары қатысты.
Семинар-тренинг барысында орталық мамандары жастардың назарын жұғу жолдары мен алдын алу әдістеріне байланысты сұрақтарға аударды, АИТВ-жұқпасымен күресте қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығының ерекше әдіс екенін ерекше атап, топтарда АИТВ/ЖИТС-пен байланысты негізгі аңыздарды талдады.