
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы- Рүстем Молдағали ашып, әріптестерін мерекемен құттықтап, бұл күннің еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында мерекелік құттықтаулар айтылып, жүргізушілер Республика күнінің тарихы мен оның Қазақстан үшін маңызы туралы баяндады. Орталық ұжымының «Атамекен» әнін бірге орындауы мерекелік жиынға ерекше әсер сыйлады.
Салтанатты жиынның қуанышты сәттерінің бірі қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды.
«Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің төсбелгісімен диагностикалық зертхананың меңгерушісі - Гульнар Шешмуканова марапатталды.
Кәсіподақ бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағының құрмет грамоталарымен аға медбике - Каиржамал Токсанбаева, медбикелер - Алмагуль Ильясова мен Светлана Бексултанова, зертханашы - Гульбахыт Батталова және экономист Анар Муканова марапатталды.