
Тазалық пен жайлылық үшін рахмет!
Орталық ұжымы денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін Канипа Тюлегеновна Алькееваға зор алғысын білдіреді.
Бүгін орталығымыздың медициналық санитар маманы - Канипа тәтені құрметті еңбек демалысына шығарып салдық. Ол 2020 жылдан бастап біздің орталықта еңбек етіп, ұжым жұмысына өз үлесін қосты. Орталығымызда тазалық пен тәртіптің сақталуына, жайлы орта қалыптасуына күн сайын үлкен жауапкершілікпен қарады. Ол ұжым үшін жай ғана қызметкер емес, ақкөңіл, мейірімді әрі әрдайым көмектесуге дайын жанға айналды.
Әріптестерінің айтуынша, Канипа Тюлегеновна - өте ашық, мейірімді әрі сабырлы адам. Өз міндеттерін жауапкершілікпен және адал атқарып, жұмысына ұқыптылықпен қарай білді.
Орталығымыздағы әрбір таза кабинет, әрбір жинақы бөлменің артында оның күнделікті еңбегі, қамқорлығы мен жауапкершілігі тұрды.
Еңбегіңіз үшін Сізге, шын жүректен алғыс айтамыз!
Өміріңіздің жаңа кезеңінде зор денсаулық, жан тыныштығын, отбасыңызға амандық пен береке, бақыт және жарқын да қуанышты күндердің көп болуын тілейміз!