Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - ШЖҚ МҚК) бас дәрігері.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық ШЖҚ МҚК мекенжайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Темирбекова көшесі 29.
Лауазымдық міндеттері:
1. Медициналық денсаулық сақтау ұйымының (кәсіпорынның) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
2.Қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді.
3. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды.
4. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуіне бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
5.Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
6. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
7. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаның, Меморандумның, Жол карталарының және басқа да бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторлары мен негізгі көрсеткіштерінің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Индикаторлар мен көрсеткіштердің алшақтау жағдайларын болдырмау мақсатында деректерді тұрақты негізде салыстыру бойынша мемлекеттік органдармен міндетті түрде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
8. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды.
9. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді,қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
10. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің пиоритеттік факторларын айқындайды.
11.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
12. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
13. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады.
15. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды.
16. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
17. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді.
18.Медициналық этиканың орындалуын және мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияның, ішкі еңбек распрядының талаптарының, аспаптардың,жабдықтар мен тетіктердің техникалық пайдаланылуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
18. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
19.Аурухананың барлық бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі жұмысқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.
20. Аурухананың санитарлық-жай-күйі ережелерінің сақталуын, қызметкерлердің еңбек және демалыс режимі туралы заңдардың сақталуын бақылайды.
21.Аурухана қызметкерлерінің ерекше және төтенше жағдайларда нақты іс-қимылын қамтамасыз етеді, аталған жағдайларда қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы Нұсқаулықтарды, пациенттер мен қызметкерлерді эвакуациялаудың едендік жоспарларын бекітеді.
22. Сигнал алғаннан кейін дереу Денсаулық сақтау ұйымындағы барлық төтенше оқиғаларды (арнайы есепке алу, есірткі, материалдық құндылықтар, өрт, техникалық қызметтердің авариясы) тексереді.
23.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады.
24. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
25. Штат кестесін өзгерту Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі.
26. Медициналық ұйымдағы пациенттерге медициналық көмек көрсетуді бақылайды, медицина қызметкерлерінің қажетті іс-қимылдарын үйлестіреді
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, мамандық бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «денсаулық сақтау» және (немесе) «бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе MVA executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты. Конкурсқа қатысушылар үшін: Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай адамдар қабылданбайды: он сегіз жасқа толмаған, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, ҚР заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
МКҚК басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы тігілген мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) құжаттардың көшірмелері
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» № 075/у нысаны бойынша анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін мына мекенжай бойынша аяқталады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1Б «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.
Анықтама телефоны - 87162721576.
Барлық құжаттар, сондай-ақ адамның Қағидалардың талаптарына сәйкестігі болған кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.