
Сізде мүшеқапсыз жыныстық қатынас болды ма? Бұл туралы білуіңіз маңызды.
АИТВ қорғанышсыз жыныстық қатынас кезінде берілуі мүмкін. АИТВ жұқтыру қаупі жыныстық қатынастың әртүрлі түрлерінде — қынаптық, анальдық және оральдық қатынас кезінде де бар.
Қауіп дәрежесі жыныстық қатынастың түріне және нақты жағдайларға байланысты. Қауіп деңгейін нақты бағалап, алдын алу қажеттілігін дәрігер анықтай алады.
Маңызды! Адамның сыртқы келбетіне қарап, оның АИТВ мәртебесін анықтау МҮМКІН ЕМЕС.
Жұқтыру қаупін азайту үшін:
- жыныстық қатынастың кез-келген түрінде мүшеқап пайдаланыңыз;
- АИТВ-ға тұрақты түрде тестілеуден өтіп тұрыңыз;
-зақымданулар, жаралар немесе қан кету болған жағдайда жыныстық қатынастан бас тартыңыз;
-жыныстық серіктестерді жиі ауыстыратын болсаңыз, медицина қызметкерімен АИТВ-ның байланысқа дейінгі алдын алу (БДА) қолдану мүмкіндігін талқылаңыз. Айтпақшы, біздің орталықта БДА негізгі топтарға толықтай тегін ұсынылады;
-егер мүшеқапсыз қауіпті жыныстық қатынас болған болса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініп, байланыстан кейінгі алдын алу (БКА) қажеттілігін бағалатыңыз.
Естеріңізге сала кетейік: біздің орталықта АИТВ-ға тексерілу халықтың барлық санаттары үшін дүйсенбі-жұма аралығында тегін жүргізіледі.
Талдау қабылдау уақыты: