
Тек қызметтік міндеттермен өлшеуге болмайтын мамандықтар бар. Медицина қызметкері мамандығы — сондай мамандықтардың бірі. Бұл – адамдарға күнделікті қамқорлық көрсету, пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік алу, кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын болу. Әрбір қойылған диагноздың, әрбір тағайындалған емнің және әрбір жылы сөздің артында жоғары кәсібилік, өз ісіне адалдық пен үлкен жүрек жатыр.
19 маусым күні Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл күні орталық қызметкерлерінің еңбегі, жанқиярлығы және өңірдегі АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс сөздер айтылды. Ұжымның жетістіктері атап өтіліп, үздік мамандарға марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Атап айтқанда, эпидемиолог көмекшісі Наталья Демьянова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Дәрігер-дерматовенеролог Гаухар Ерғазиева «QAZMED» медицина қызметкерлері мен оған сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды.
Медбике Асем Киреева Денсаулық сақтау басқармасы мен «Senim» кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал «Senim» кәсіподағының грамоталарымен сапа менеджері Толқын Рашитова, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Зауре Балғужина және зертханашы Замзагүл Темешова марапатталды.
Спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін орталықтың грамоталары мен кәсіподақтың естелік сыйлықтарына ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі Мұрат Мұстафин, баспасөз хатшысы Нұрлыбек Қоныспаев, зертханашылар Айгүл Мұсабаева, Майра Жанғабулова және Аида Хамзина, медициналық әпкелер Махаббат Карбаева мен Алмагүл Ильясова, экономист Анар Мұқанова және шаруашылық меңгерушісі Сәкен Мұжубаев ие болды.
Мерекелік кездесу орталықтың медицина қызметкерлеріне алғыс білдірудің тағы бір мүмкіндігіне айналды. Олар күн сайын халық денсаулығын қорғау жолында жоғары кәсібилік, жауапкершілік және адамгершілік танытып келеді.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, сарқылмас күш-қуат және қызметтеріңізге әрдайым жоғары баға тілейміз!
