
2026 жылғы 26 мамырда Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжінде репродуктивтік денсаулық апталығы аясында 1 курс студенттерінің қатысуымен интерактивті іс-шара өтті.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Асель Балтабаева студенттермен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары, сондай-ақ ерте және қалаусыз жүктілік туралы әңгімелесті.
«Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастар жыныстық қатынасқа ерте түсіп жатады, ал оның салдары әрдайым оң бола бермейді. Сондықтан жасөспірімдер мен жастарға бұл тақырыптар туралы дер кезінде айтып, олардың болашақ үшін өз денсаулығын сақтауға көмектесу маңызды», - деп бөлісті спикер.
Еске сала кетейік, 25 мамырдан бастап Қазақстанда Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселелеріне арналған республикалық апталық өтуде.