-->

«    Август 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-инфекциясы саласындағы жетекші мамандардың бірі — Вадим Покровский өмірден озды

25.05.2026

 

2026 жылдың 20-шы мамырда 72 жасында АИТВ-инфекциясы саласындағы жетекші мамандардың бірі, кеңестік және ресейлік ғалым, эпидемиолог, Ресей Ғылым академиясының академигі - Вадим Валентинович Покровский дүниеден өтті.

 

Ол Кеңес Одағында АИТВ-инфекциясы мәселесін мемлекеттік және ғылыми деңгейде алғашқылардың бірі болып зерттеген маман саналады.

 

1980-жылдардың ортасында Покровский КСРО-дағы АИТВ-инфекциясының алғашқы жағдайларын анықтауға, инфекцияның таралу жолдарын зерттеуге, эпидемиологиялық бақылау жүйесін құруға және кейін Бүкілодақтық, одан соң Федералдық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығына айналған арнайы зертхананы ашуға қатысты.

 

Сонымен қатар, 1980-жылдардың соңында Покровский Элиста қаласындағы қайғылы оқиғаны тергеуді басқарды. Ол жерде шприцтерді қайта пайдалану мен санитарлық талаптардың бұзылуы салдарынан ондаған бала вирус жұқтырған еді. Осы оқиғадан кейін эпидемиолог эпидемиологиялық бақылау ережелері мен донорлық қанды тексеру жүйесіне өзгерістер енгізуге қол жеткізді.

 

Покровский АИТВ-ның әлдеқашан «қауіп тобы» шегінен шығып кеткенін алғашқылардың бірі болып ашық айтқан маман болды.

 

- Вирус қарапайым адамдар арасында да таралуда - гетеросексуалдық қатынастар арқылы, отбасылар ішінде және ешқашан есірткі қолданбаған адамдар арасында да кездеседі, - деп түсіндірген еді Вадим Валентинович.

 

Белгілі ғалымның пікірінше, АИТВ-мен күресу үшін мыналар қажет:

- жыныстық сауаттылық;

- қауіпсіз жыныстық қатынас туралы ашық әңгіме;

- қолжетімді мүшеқаптар;

- тұрақты тексеруден өту.

 

Ол өзінің 40 жылдан астам кәсіби қызметін АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы, диагностикасы, алдын алу және емдеу мәселелеріне арнады.

 

АИТВ мен В гепатитіне қарсы әсері бар, біріктірілген антиретровирустық терапия құрамында қолданылатын «Фосфазид» вирусқа қарсы препаратын медицинаға енгізгені үшін, ол Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

 

Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және бүкіл медицина қауымдастығына шын жүректен көңіл айтамыз.