-->

«    Август 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-ның алдын алу жөніндегі акцияға 100-ден астам көкшетаулықтар қатысты

15.05.2026

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Көкшетаудың орталық қалалық саябағында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша акция өтті, оған 100-ден астам қала тұрғындары қатысты.

15 мамырда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері көкшетаулықтармен АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу әдістері және уақтылы тексерудің маңыздылығы туралы әңгімелесіп, бүктемелер таратып, акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, кез-келген адам сол жерде тегін әрі құпия түрде АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алды - бұл үшін арнайы жабдықталған автокөлікте талдау тапсыру пункті ұйымдастырылды. Мұндай көшпелі шаралар халықтың ақпараттану деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар емшара кабинетіне бармай-ақ, 4-буын тест-жүйелері арқылы бірнеше минут ішінде өз АИТВ мәртебесін білуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті өз шаруаларымен асығып жүргеніне қарамастан, көптеген қала тұрғындары пайдаланды.

Орталықтың баспасөз хатшысы - Нурлыбек Конуспаев атап өткендей: «Менің ойымша, мұндай акциялар халықтың АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттырып қана қоймай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады және ең бастысы - стереотиптер мен алалаушылықсыз қоғам құруға ықпал етеді».