
Көкшетауда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған биылғы алғашқы көшпелі акция өтті.
2026 жылғы 14 мамырда Орталық базар жанында медицина қызметкерлері жылжымалы пунктті мамандандырылған автокөлікте орналастырып, онда кез- келген адам АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес ала алды.
- «Бұл біз жылы мезгілде өткізетін дәстүрлі іс-шаралар. Олар қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал» - дейді алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева.
Олардың қызықтысысы, Сіз өзіңіздің АИТВ мәртебеңізді іс-шара өтетін жерде тез, тегін және құпия түрде біле аласыз.
Мамандар сондай-ақ уақтылы тестілеу АИТВ-ны ерте анықтауға және емдеуді жедел бастауға мүмкіндік беретінін, бұл денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Мұндай көшпелі іс-шаралар жазғы маусымда қаланың әртүрлі аудандарында жалғасады. Келесі акция 15 мамырда Орталық қалалық саябақта өтеді деп жоспарланған.
