
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында екі маңызды мереке - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл күні жиналғандар соғыста құрбан болған және қаза тапқан ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, Отан қорғаушылардың ерлігін еске алып, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосқандардың барлығына алғыстарын білдірді.
- «Ұлы Отан соғысы Қазақстанның әрбір отбасына дерлік әсер етті. Жеңіс күні - бейбітшілік, тәуелсіздік, болашағымыз үшін құрбан болғандарды еске алу» деп,- бөлісті орталықтың бас дәрігері - Нұрлан Ахилбеков.
Сонымен қатар, орталық ұжымының әйел қауымдары ер адамдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Мұндай кездесулер тарихи мұраны құрметтеуді қалыптастырады және қоғамдағы ынтымақтастықтың құндылығын көрсетеді.
Іс-шара зертханашы - Майра Жангабулованың "Землянка" әнін орындаумен аяқталды.
