
2026 жылғы 19 ақпанда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері- Асия Топанова ұйым қызметкерлеріне "Сыйлық беру, сыйлық алу, брендтелген кәдесыйлар және сәлемдеме алу тәртібі туралы нұсқаулығы" тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында спикер орталықта сәлемдемелерді алу тәртібін, сыйлықтарды беруге және алуға қойылатын жалпы талаптарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мүлік департаментіне сыйлықтарды беру алгоритмін түсіндірді.
Мұндай кездесулерді өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, ашықтық қағидаттарын нығайтуға және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.