«    Март 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-ның алдын алу - салауатты болашаққа қадам басу

12.02.2026

 

"Panacea clinic" жастар денсаулық орталығында бүгін адамдар көп жиналды. Бұл біреудің ауырып қалуымен емес, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша акцияның өткізілуімен байланысты болды.

Көкшетау жоғары көпсалалы Азаматтық қорғаныс колледжінің бірінші курс студенттері іс-шараға белсенді қатысты. Студенттер үшін ақпараттық сессия ұйымдастырылып, оның барысында АИТВ орталығының мамандары АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіріп, сондай-ақ жыныстық тәрбие мен жаңа психоактивті заттардың таралуындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алғашқы сөздерінен сенімді ақпарат ала алды. Ашық диалогтың  осындай түрі жастар үшін ерекше маңызды, өйткені дәл осы жаста өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қалыптасады, деп АИТВ орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева пікірімен бөлісті.

Сонымен қатар, кез-келген адам жедел тестілеуден өтті. Процедура құпия түрде жүргізіліп, нәтижені бірнеше минуттан кейін біле алды.

Мұндай акцияларды өткізу жастар арасында хабардар болу деңгейін арттыруға және денсаулықты сақтауға бағытталған саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.