«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне баспасөз-релиз

11.11.2016

Жыл сайын әлемде 1 желтоқсан ЖИТС-пен күрес күні ретінде аталып өтеді. 2016 жылы қарашаның 10-нан желтоқсанның 10-на дейін «Мен АИТВ алдын алу # үшін!» ұранымен Дүниежүзілік науқаны өткізіледі.

Ересектер арасында АИТВ-жұқпасының жаңа оқиғаларының азаюы баяуланды. ЮНЭЙДС баяндамасына сәйкес «АИТВ-ң алдын алудағы олқылықтары», соңғы бес жылды алғанда, жыл сайын АИТВ жұқтыратын ересектердің салыстырмалы саны 1,9 миллион адамды құрады және кейбір өңірлерде АИТВ-жұқпасының жаңа оқиғалары өсуде. Баяндамада айтылғандай, егер әлем 2030 жылға ЖИТС індетін тоқтату үшін шараларды тездетуге ынталы болса, АИТВ-ң алдын алуға күш салу белсендірілу керек.

«Мен АИТВ-ң алдын алу # үшін!» науқаны АИТВ-жұқпасының алдын алуда әр түрлі сәттерге және халықтың белгілі топтарына, мысалы, жеткіншек-қыз балаларға және жас әйелдерге, АИТВ-жұқтыруға бейім аса қауіпті топтарға және АИТВ-мен тұратын адамдарға көңіл бөледі. АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай облыста тұрақты ретінде бағаланады. 2016 жылғы 9 ай ішінде АИТВ-ң 60 оқиғасы тіркелген, 100 мың тұрғындарға ауру көрсеткіші 8,1 құрады. 2016 жылғы қазанның 1-не облыста кумулятивті АИТВ-ң 618 оқиғасы анықталды, облыс бойынша 15-49 жастағылар арасында таралуы 0,11 құрады (қайтыс болғандарды есептемегенде 450 оқиға). Сонымен бірге облыс аудандарының арасында АИТВ-жұқпасының біркелкісіз таралуы байқалады: ең көп тарағаны Көкшетау (143 оқиға), Степногорск (46 оқиға) қ.қ., Атбасар (81 оқиға), Бурабай (29 оқиға), Ақкөл (25 оқиға) аудандарында. Облыс бойынша АИТВ жұқтырудың басым жолы - жыныстық жол болып табылады (71,7%), жұқпа үдерісіне әйелдерді тартумен бірге (55%), АИТВ-жұқтырғандардың негізгі бөлігі жұмыссыздар (60%) , басым көпшілігі 20-39 жастағылар - 61,7%. Облыс халқын АИТВ-ға скринингтеу 2016 жылғы 9 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 2902 адамға көбейіп, 90969 құрады, яғни 12,3%.

Біздің орталықта 2016 жылғы қазанның 1-не диспансерлік есепте 423 АИТВ-жұқтырған аурулар тұр, олардың 248 - еркектер, 175 - әйелдер. Есірткені инемен егіп тұтынушылар-139, 7 АИТВ-жұқтырған балалар, 14 бала АИТВ-жұқтырған әйелдерден туған. Ақмола облысында антиретровирустік терапияны (АРТ) 191 АИТВ-жұқтырғандар, оның ішінде еркектер- 104, әйелдер-87, балалар - 7 алады. Антиретровирустік терапияны 42 сотталған алады. Сонымен біз «АИТВ-мен тұратын адамдардың 90% АРТ алады» көрсеткішіне қол жеткізуге талпынудамыз.

Қазіргі кезде АИТВ-жұқпасын емдеуге мүмкіндік болып тұрғанда, соның нәтижесінде вирустік салмақ АИТВ жұқпайтын деңгейге азаюда (яғни қандағы вирус саны), бізде АИТВ-ның таралуын тоқтатуға мүмкіншілік туды. Адам құқығын силау қағидасына негізделе отырып, біз әр адамға, негізінен, АИТВ жұғуының қауіптілігі төнген негізгі топтарға көмек беруіміз керек. Әйелдер мен балаларды қорғауға маңызды рөл бөлінеді. Бұл мақсатқа біздің елдің әрбір тұрғыны қауіпсіз мінез-құлықты ұстанса, АИТВ-ға тестілеуден өтсе, соның нәтижесінде өз дәрежесін білсе, өз серіктеріне АИТВ-ны жұқтырмаса, жете аламыз.  

Жыл сайын облыста қарашаның 10-нан желтоқсанның 10-на дейін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық өткізіледі, тұрғындардың барлық қатарын қамтитын іс-шаралар кешені жасалады - «дөңгелек үстелдер», семинарлар, тренингтер, баспасөз-конференциялар, акциялар, конкурстар, спорттық іс-шаралар, көрмелер, сұрақ-жауап кештері. Барлық өткізілетін іс-шаралар АИТВ-жұқпасы бойынша халықты ақпараттандыруды жетілдіруге бағытталған.

Бұл науқанның мақсаты: барлық қоғамның назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарын, заманауи техникалық құралдарын және ағарту формаларын пайдалана отырып халыққа АИТВ/ЖИТС бойынша ақпарат беру, жастардың ақпараттану деңгейіне ерекше көңіл бөлу.

Айлық 6 желтоқсанда сағ. 16.00 «Көкшетау» мәдениет Сарайында өтетін қорытынды жастар акциясымен аяқталады, баршаңызды соған шақырамыз.