«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушылары өз хабардарлығын арттырды

18.11.2025

 

2025 жылғы 18 қарашада Көкшетау қаласында әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өтті. Шараны Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Panacea clinic» ЖШС-ның Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның спикері, АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігері- Балғын Сарбасова жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпарат берді.

«Бүгінде АИТВ-инфекциясының тіркелуі іс жүзінде барлық жас топтарында байқалады, оның ішінде жасөспірімдер мен 29 жасқа дейінгі жастар да бар. Сондықтан олардың хабардарлығын арттыру - жастар денсаулығы орталықтарымен бірлескен жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі», - деп бөлісті Балғын Рахимовна.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны басталды. Оның аясында түрлі ақпараттық-білім беру іс-шаралары жоспарланған. Соның ең ауқымдысы - «Көкшетау» Мәдениет сарайында өтетін кең көлемді жастар акциясы.