«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Денсаулық туралы ашық: өзіңіздің мәртебеңізді білуге уақыт келді

31.10.2025

Көкшетауда «Линия правды» арнасында «Денсаулық туралы ашық айтқанда: өз мәртебеңізді білу уақыты келді» атты телебағдарлама жарыққа шықты. Медицина қызметкерлері аймақтық телеарнаның журналистімен жастар денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді ашық және шынайы талқылады.

2025 жылғы 30 қазанда "Kokshe" телеарнасының эфиріне Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева және "Panacea clinic" ЖШС жастар денсаулық орталығының маманы Улпан Аманбаева сұбатқа қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар аймақтағы АИТВ-ның қазіргі жағдайын, тестілеуге қолжетімділікті және АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық сақтау орталықтары көрсететін қызметтерді талқылады. Олар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына баса назар аударды.

Асель Балтабаеваның айтуынша, АИТВ және ЖЖБИ туралы халықты хабардар ету Орталық үшін басым бағыты және оның Жастар денсаулық сақтау орталықтарымен ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады.

Соңында спикерлер өңір жастары мен тұрғындарын АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуға, мәліметтерді тек сенімді көздерден алуға және үнемі тестілеуден өтуге шақырды.

Телебағдарламаның шығуы қазірдің өзінде сайтта және KOKSHE TV YouTube арнасында қолжетімді.