
2025 жылдың 22 қазанында Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері арасында ақпараттық акцияны өткізді.
Бұл жолы шараға бірінші курс студенттері қатысып, орталық мамандарымен АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу тәсілдері туралы интерактивті форматта әңгімелесіп қана қоймай, сонымен қатар төртінші буындағы жедел тесттер арқылы құпия түрде АИТВ-ға тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болды.
Орталық мамандарының айтуынша, бұл тесттер қысқа уақыт ішінде нәтижені алуға және инфекцияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда жастар жыныстық инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның таралу қаупіне ұшырайды, сондықтан олардың хабардарлығын арттыру-біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі, себебі білікті мамандардан шынайы әрі өзекті ақпарат алған жастар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталанады», - деп атап өтті шара спикері, алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі-Асель Балтабаева.