«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Саналы таңдау

14.10.2025

2025 жылғы 14 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Panacea clinic» ЖШС Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, Құрылыс-техникалық колледжінің технология мамандығы студенттері арасында ақпараттық акция өткізді.
Іс-шараның спикерлері - облыстық АИТВ орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева және Жастар денсаулық орталығының психологы- Улпан Аманбаева, жастармен АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы әңгімелесті.
Акция барысында қалаған әрбір адам төртінші буын жедел тестілері арқылы АИТВ-инфекциясына құпия түрде тест тапсырып, нәтижесін бірнеше минут ішінде сол жерде біле алды.
Шарада сұрақтар да аз болған жоқ - жастар белсенділік танытып, өздерін толғандырған мәселелерді талқылады.
Мұндай акциялар жастарға денсаулықты таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі, ал АИТВ орталығы мен Жастар денсаулық орталықтарының өзара тығыз ынтымақтастығының арқасында алдын алу жұмыс барған сайын тиімді әрі жастар үшін түсінікті бола түсуде.