
Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында электронды кезек терминалы орнатылды. Жаңашылдық халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Терминалдың көмегімен пациенттер қан алу және нәтиже беру үшін электронды талон ала алады, бұл: қызмет көрсету тәртібін оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға, қызметтерді алу кезінде ашықтық пен жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталыққа келушілердің бірі: «Осындай қарапайым болып көрінетін нәрселер өмірді әлдеқайда жеңілдетеді. Енді қажетсіз әбігерге түсіп, кезекке тұрмай-ақ тыныштықпен қызмет ала аласыз», - деп атап өтті.
Электронды кезекті енгізу орталықтың қызмет көрсетуді жақсарту және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау жұмысының бір бөлігіне айналды.