«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетау қаласында ведомствоішілік кеңес өтті

15.08.2025

2025 жылғы 15 тамызда Көкшетау қаласында ведомствоішілік өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен облыстық психикалық денсаулық орталығы арасында кеңес өтті.

Кездесу барысында психикалық денсаулық орталығында динамикалық бақылауда тұрған инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексерудің проблемалық мәселелері талқыланып, олардың арасында тексеруден жалтарушыларды іздеу, кодтарды дұрыс тағайындау, сондай-ақ ұсынылатын есептік деректердің дұрыстығы талқыланды.

Сонымен қатар, медицина мамандары инъекциялық есірткіні қолданушылардың байланысқа дейінгі алдын алу бойынша кеңес беру дағдыларына үйретілді.

АИТВ орталығы бас дәрігерінің орынбасары - Сауле Жаканова: "Біздің мамандардың бірлескен жұмысы және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексеру көрсеткіштерін жақсартудың негізгі шарты болып табылады. Тек күш біріктіру арқылы ғана АИТВ-инфекциясының алдын алуда нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады", - деп баса айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдегі АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының тиімділігін және тестілеумен қамтуды арттыруға бағытталған одан әрі ынтымақтастық және бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы келісті.