05.06.2015ж. „Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының“ „Өрлеу“ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалында облыстың педагогикалық қызметкерлері арасында (тәрбие ісінің меңгерушілері) интерактивті оқыту үлгісін қолданумен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті Ақмола облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының социологі С.Мұхамеджанова өткізді. Қатысушылардың назарына ЖИТС пен АИТВ –инфекциясын жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы және Қазақстан бойынша және Ақмола облысы бойынша АИТВ/ЖИТС жөніндегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде презентация көрсетілді.
Семинар соңында «Бәсекелес бекітілім» жаттығуын өткізді, онда педагогтар АИТВ/ЖИТС мәселесі жөнінде бір-бірінің көзқарастарын біліп, талқылады. Семинар соңында қатысушыларға болашақ жұмыс барысына қолдану үшін АИТВ–инфекциясының профилактикасы бойынша ақпараттық-мағлұматтық материалдар таратып берілді.