«    Июнь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Есіл және Жақсы аудандарына жұмыс сапары

23.05.2025

 

2025 жылғы 20-22 мамыр аралығында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы Есіл және Жақсы аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында бұл аудандарда АИТВ-инфекциясының 4 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың барлығы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты.  Бұл тұрақты алдын алу жұмыстың және халықтың да, медицина қызметкерлерінің де хабардарлық деңгейін арттырудың маңыздылығын көрсетеді.

Сапардың негізгі мақсаты-жергілікті жерлерде мамандарға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Орталық дәрігерлері Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, медицина қызметкерлерін оқытты. Сондай-ақ АИТВ-ға жедел тестілеу әдістемесі бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді.

Оқуда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жеңу, жүктілік, босану және емшек сүтімен емізу кезінде АИТВ, мерез және С вирустық гепатитінің берілуінің алдын алу, сондай-ақ мұндай пациенттерді уақтылы тексеру және емдеу, соның ішінде қатар жүретін аурулардың терапиясы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диспансерлік қарау және тексеру жүргізілді.