
2025 жылғы 18 наурызда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері- Асия Топанова, "Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібі" тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында, спикер қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы қалай хабарлай алатынын, олар кәсіби қызмет барысында анықталған кезде қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.