«    Апрель 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды

03.03.2025

2025 жылы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған ұран - " Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз".

Дүниежүзілік аталып өткен күннің міндеті-туберкулез проблемасы біздің кез-келгенімізге әсер етуі мүмкін, сондықтан акцияның сәттілігі әр адамның жеке ұстанымына байланысты.

Туберкулез – ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру, ол кез келген адамға жұғуы мүмкін. Туберкулезге қарсы ұлттық науқан - туберкулезден зардап шеккен адамдарды стигмамен, кемсітушілікпен және әлеуметтік оқшаулаумен күресу үшін күш-жігерді біріктіруге ерекше көңіл бөледі.

Туберкулезге қарсы күрес айлығында облыста бірқатар профилактикалық және ақпараттық шаралар өтеді.

Барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, интернет-ресурстарды белсенді тарта отырып, туберкулезді дер кезінде анықтау, стигманы азайту мақсатында халықты, оның ішінде қауіпті топтарды ақпараттандыруға бағытталатын болады.

Айлық барысында халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған танымдық науқандар, ауқымды шаралар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кеңестер және басқа да іс-шаралар жоспарлануда.

Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама қазақстандықтарды Қазақстандағы туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосуға шақырады!