7 қыркүйек 2016 жылы Ақмола ЖИТС ОО базасында психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер арасында «Тұрғындардың осал топтары арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбына оқыту семинары өтіп, оған облыстық наркологиялық оңалдыру орталығының, «Әлеуметтік-саналық оңалдыру орталығы» РММ-ң, әлеуметтік бейімделу орталығының, кәмелетке жетпегендерді бейімделдіру орталығының өкілдері қатысты. Кіріспе сөзді Ақмола ЖИТС ОО-ң бас дәрігері К.Ж. Бурмаганов айтты. Семинар барысында АИТВ-жұқпасының алдын алудағы негізгі тетіктері, АИТВ-жұқтырғандарды емдеу және диспансеризациялау, тұрғындардың осал топтары арасында зиянды азайту бағдарламасы қаралып, мотивациялық сұхбаттасу әдісі дәріптелді.