«    Февраль 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Орталық мамандарының Атбасар ауданына шығуы

09.12.2024

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы Атбасар ауданына барды.

 

2024 жылы ауданда АИТВ-инфекциясын диагностикалау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Шығу барысында мамандар: инфекцияның жаңа жағдайларына эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, пациенттерге диспансерлеу мерзімдерін, антиретровирустық препараттарды қабылдау режимін сақтау мәселелері бойынша кеңес беріп, әлеуметтік төлемдерді алу, сондай-ақ жүктілік пен балалардың тууын жоспарлау бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, психоәлеуметтік қолдау көрсетті.

 

Дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер бойынша семинар ұйымдастырылды, негізгі топтарды, қан реципиенттерін, жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін, аурудың клиникалық көріністері бар адамдарды және басқа да санаттарды қоса алғанда, халықты тексерудің маңыздылығына баса назар аударылды.

 

Бұдан басқа, медицина қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде жедел тестілеу әдістемесі мен іс-қимыл алгоритміне оқытудан өтіп, сондай-ақ халықты ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілерді, БАҚ-тарды және басқа да заманауи әдістерді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.