
2024 жылғы 29 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ақпараттық акция өткізді.
Іс-шара халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға, оның таралуының алдын алуға, сондай-ақ уақтылы тестілеу қажеттілігіне және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға назар аударуға бағытталған.
Дәстүр бойынша акцияға АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша мамандардың кеңестері, АИТВ-ға тегін және жасырын жедел тестілеу пункті, сондай-ақ ақпараттық материалдар, бүктемелер мен жадынамалар тарату ұйымдастырылды.
Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Балгын Сарбасова атап өткендей: "Біздің міндетіміз - әр адамға АИТВ-инфекциясы жасына, жынысына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығына қатысты екенін жеткізу. Тек хабардарлық пен жауапкершілік вирустың таралуын азайтуға көмектеседі. Біз акцияның барлық қатысушыларына қолдау көрсеткені және белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз".
Іс-шара облыс тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың көпшілігі салауатты қоғам қалыптастыру үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Біз акцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз және еске саламыз: Алдын алу және уақтылы диагностика - АИТВ-мен күресудің негізі болып табылады.