5 қыркүйек 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ң медициналық қызметімен бірге «Ақмола облысы пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтарында мемлекеттік және ведомствоаралық денсаулық сақтау қызметінде өзара іс-әрекет түралы» семинар-мәжіліс өтіп, оған 17 адам қатысты: ҚАЖД ММҰБ қызметкерлері, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД МСБ бастықтары және бастықтың ЕПЖ жөніндегі орынбасарлары. ЖИТС ОО-нан семинар-мәжіліс жұмысына бас дәрігер Бурмаганов К.Ж, бас дәрігердің ЕПЖ жөніндегі орынбасары Какпенов С.Ж., ЖИТС АОО бөлім меңгерушілері Ашимова С.А, Жаксалыкова Г.Е., Жаканова С.К., Курманбаев Б.К., психолог Бабагулова А.К., дәрігер- эпидемиолог Бексултанова З.Т. қатысты.
Мәжілістің күн тәртібі: «Бас бостандығынан айыратын жерлерде АИТВ-жұқпасының алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру қорытындылары, 2016 жылы сотталғандар арасында БЭҚ ұйымдастыру және өткізу». Семинар бағдарламасында АИТВ-жұқпасы бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру, сотталған АИТВ-жұқтырғандарға медкөмек тиімділігін жетілдіру (АРВ-терапия, бейімділік және т.б.), кәсіби және аурухана ішіндегі АИТВ-жұқпасын жұқтырудың алдын алу, тестілеуге дейінгі және одан кейінгі кеңес берудің ережелері туралы бейнематериалды көру және талқылау болды.
Семинар-мәжіліс қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.