«    Февраль 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : В Кокшетау обсудили вопросы профилактики ВИЧ-инфекции среди ключевых групп населения

22.11.2024

2024 жылғы 21 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ведомствоаралық кеңес өтті. Оған облыстық психикалық денсаулық орталығының, Ақмола облысы полиция департаментінің және Көкшетау қаласы полиция басқармасының өкілдері қатысты.

Кеңестің тақырыбы: "2024 жылдың 10 айында инъекциялық есірткіні (ИЕТ) тұтынатын адамдарды АИТВ-инфекциясына тексерудің негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары".

Күн тәртібінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл, АИТВ-ға тексеруді қамтуды арттыру және инфекцияның алдын алу үшін тиімді шешімдерді іздеу мәселелері болды.

АИТВ орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мен инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері туралы айтып, кеңесті ашты.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы- Александр Высоцкий инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды АИТВ-ға тестілеумен қамтуда медициналық ұйым мамандарының алдында тұрған проблемаларды айта отырып, бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Балгын Сарбасова ағымдағы жылдың 10 айындағы ИЕТ зерттеуінің қорытындысын ұсынып, осы мәселедегі негізгі қиындықтарды айтып берді.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігерінің орынбасары- Инга Мельник, 2022 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамалық тапсырманың орындалуын атап, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу саласындағы жетістіктер мен өзгерістерді ұсынды.

АИТВ орталығының Достық кабинетінің дерматовенеролог дәрігері- Гаухар Ергазиева, халықтың негізгі топтары арасында байланысқа дейінгі алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

Полиция департаментінің аға инспекторы- Альбина Дауенова, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, басшылыққа негізгі топ арасында АИТВ-ға тестілеумен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызметке байланысты проблемалық мәселелер мен шешу жолдарын жеткізуге уәде берді.

Кеңес қорытындысы тестілеумен қамтуды жақсарту және өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу деңгейін арттыру үшін ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттігін көрсетті.