
2024 жылғы 19 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары көпбейінді облыстық аурухананың тері-венерологиялық орталығының дәрігерлерімен бірлесіп ведомствоішілік кеңес өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы АИТВ-инфекциясының алдын алу және өңірде байланысқа дейінгі алдын алуды ілгерілету мәселелері болды.
Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Балгын Сарбасова, әріптестеріне 2024 жылдың он айына АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Ол өзекті мәселелер мен проблемалық аспектілерге тоқталып, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Тері-венерологиялық орталықтың аға дәрігері- Жадыра Құсайын, 2023 жылғы қыркүйектегі хаттамалық тапсырмаларды орындау нәтижелері туралы айтты.
АИТВ орталығы Достық кабинетінің дерматовенеролог дәрігері- Гаухар Ергазиева, халықтың негізгі топтары мен дискордантты жұптар үшін байланысқа дейінгі алдын алудың рөлін егжей-тегжейлі айтып, өңірде БДА енгізудің ағымдағы барысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу ашық диалог жағдайында өтті. Қатысушылар қорытынды хаттамада жазылған проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарымен келісті.