«    Февраль 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифинг өтті

20.11.2024

2024 жылғы 20 қарашада Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған брифинг өтті. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған "Дұрыс жолды- адам құқығының жолын таңдаңыз" ұраны болып табылады.

Іс-шарада медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды, алдын алудың заманауи әдістерін, сондай-ақ атаулы күн шеңберінде жоспарланған ұран мен іс-шаралар туралы айтып берді.

Спикерлердің айтуынша, өңірде АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың қараша айының басында облыста АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. Ағымдағы жылдың 10 айында 109 жаңа жағдай анықталып, оннан сегізінде инфекция қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы орын алды. Жаңа жағдайлардың жартысынан көбі 30-49 жас тобына жатады. Ең жас анықталған 19 жаста, ал ең үлкені 68 жаста.

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов: "АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту алдын алудың, диагностикалық және емдеу қызметтерінің қолжетімділігінен басталады", - деп атап өтті.

 "Қазақстанда АИТВ-ға тестілеуге және емдеуге тегін қолжетімділік беріледі, сондай-ақ байланысқа дейінгі алдын алу немесе қысқаша БДА сияқты алдын алудың заманауи әдістері енгізілуде.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында жоғары қауіп-қатер тобындағы 120-дан астам адам БДА алады.

Соңғы жылдары Қазақстанда АИТВ-позитивті адамдарға бала асырап алуға тыйым салу сияқты кейбір заңнамалық шектеулер алынып тасталды. Мұндай өзгерістер толерантты қоғам құруға және барлығына тең құқықтарды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Брифингте АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдаудың және стигма мен кемсітушілікпен күресудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мемлекеттің, медициналық қоғамдастықтың және азаматтық ұйымдардың бірлескен жұмысы әркімнің лайықты және бақытты өмір сүруге құқығы бар қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

 

Соңында медицина мамандары барлық адамдарды қарапайым алдын алу шараларын сақтауға және қауіпсіз жыныстық және инъекциялық мінез-құлықты ұстануға шақырды. Ерте жыныстық қатынасқа түспеу, бір жыныстық серіктес болу, жыныстық қатынастың кез-келген түріне әрқашан мүшеқаптарды қолдану  және де, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға түсіністік пен қолдау көрсетуді айтады.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар өңірде облыс орталығының қоғамдық орындарында және оқу орындарында акциялар түрінде, сондай-ақ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық кампаниялар түрінде жалғасады.

Барлық өткізілетін іс-шаралардың шарықтау шегі "Көкшетау" мәдениет сарайында шығармашылық нөмірлері, пайдалы ақпараты және әрбір тілек білдіруші үшін АИТВ-ға жедел тестілеуден өту мүмкіндігі бар 600 адамға арналған дәстүрлі кең ауқымды акция болады.