Ашық аспан астындағы акция Орталық қалалық саябақта өтті. Бұл есеп бойынша, 2024 жылы он бірінші іс-шара болып табылады.
11 қыркүйекте Тәуелсіздік монументінің жанындағы алаңда жедел тестілеу мен кеңес берудің мобильді пункті ашылып, онда әркім өзінің АИТВ мәртебесін біліп, мамандардан кеңес ала алды.
Бұл күні күздің шуақты ауа-райының арқасында саябақта адам саны көп болды.
Айта кетсек, екі сағат ішінде 17 адам АИТВ-ға тестілеуден өтіп, 50-ден астам адам осы аурудың таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы мамандардан кеңес алды.
Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтары осындай іс-шараларға түсіністікпен және қолдаумен қарайды. Бұл ретте көптеген қатысушылар АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігін, сондай-ақ ақпарат алуға, өз тәуекелдерін бағалауға және өткізілетін жерде АИТВ мәртебесін білуге болатын акцияның ыңғайлы форматын атап өтеді.