2024 жылғы 17 шілдеде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті.
Іс-шара спикері - Нурлыбек Конуспаев, алдын алу жұмысы бөлімінің маманы.
Дәріскер өз сөзінде АИТВ-инфекциясы туралы мифтерге тоқталып, оларды сейілтуге тырысты.
- АИТВ-инфекциясымен байланысты сенімді және ескірмеген ақпаратқа ие болу өте маңызды, өйткені осының арқасында біз өз көзқарасымызды қалыптастырамыз, өз тәуекелдерімізді түсінеміз және осы вируспен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастырамыз, - дейді дәріскер.
Бір қуантарлығы, тыңдаушылар дәрістен кейін өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталық маманын ұзақ уақыт бойы жібермеді.